Район | Алмалинский |
---|---|
Школа | Л-24 |
Вид школы | Лицей |
Язык обучения | Казахский |
Уклон обучения | Общеобразовательная |
Адрес | ул.Гоголя 187 |
Телефон | 378-78-13 |
Год основания | 01.01.1937 |
Сайт школы | http://24.alschool.kz/ |
Количество учеников | 485 |
Количество преподавателей | 38 |
Галерея | показать |
Допольнительная информация | Год постройки - 1937 года Число этажей - 2 Материал стен - кирпич общая площадь - 2356,1 кв.м |
Общий педагогический стаж: 20
Общий стаж руководителя: 2
Награды и отличия: Тунгишбаева Гүлназ Облбековна – жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санатты информатика пәнінің мұғалімі. 2018 жылы шілде айында педагог-зерттеуші біліктілік санатын алды. Тунгишбаева Гүлназ 1994 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы аталған институтты математика мамандығы бойынша аяқтап, оған математика және информатика оқытушысы кваликациясы берілді. Тунгишбаева Гүлназ өзінің педагогикалық қызметін 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Абай атындағы мектептен бастады. Тунгишбаева Гүлназ Облбековна 2002 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияға информатика пәнінің мұғалімі болып орналасып, осы гимназияда 2018 жылдың тамыз айына дейін қызмет атқарды. Аталған гимназияда 2002-2014 жылдар аралығында менеджерлік және мұғалімдік қызмет, 2014-2018 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың 24 тамызынан бастап Алматы қаласы Алмалы ауданындағы «№24 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Гүлназ Облбековна - мектепте информатиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияның озық әдістемелік іс-тәжірибелерін тиімді пайдаланып жүрген, оқушылардың бойына патриоттық тәрбие беруге зор үлесін қосып жүрген ізденімпаз, талантты ұстаздардың бірі. 2006 жылы республикалық мұғалімдер арасында өткен Microsoft Kazakhstan VCT жобасы сайысында ІІ орынды иеленді. 2006-2007 оқу жылы «Жаңа ақпараттық компьютерлік технологиялар және мультимедиялық жүйелер Merits-ті интерактивті оқыту және оқушылардың білім сапасын бақылауда қолдану» атты тақырыпта баяндама оқыды. 2005 жылы 12 жылдық информатикадан 2- сыныпқа байқау оқулығының, 2006 жылы 7,8-сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының, 2006 жылы информатикадан 10-11- сыныптар үшін бағдарлы курс бойынша тақырыптық жоспраларының, 2006 жылы информатикадан 7-11-сыныптарға арналған бағдарлама авторларының бірі болды. 2006 оқу жылы 10-сыныпқа арналған жаратылыстыну математика бағыты бойынша әдістемелік құралды, 10-сыныпқа арналған қоғамдық гуманитарлық бағытқа арналған практикумын аударды. 2007 оқу жылы информатиканың бағдарлы курсындағы «Компьютерлік графика және дизайн» деп аталатын қолданбалы курс бағдарламасының авторы. 2008 оқу жылы Microsoft Access оқу-әдістемелік құралының авторларының бірі атанды. 2005-2006 оқу жылында Информатика пәні бойынша өткен Республикалық «Microsoft-пен өткен демалыс» атты қашықтық олимпиадада «Компьютерлік графика» тақырыбы бойынша дайындаған топ 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2006-2007 оқу жылы Алматы қаласы информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Алтин диск» сайысының жүлдегері атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаталды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының шешімімен Гүлназ Облбековнана 2006 жылдың желтоқсанында «Информатиканың бағдарлы курсында компьютерлік графика құралдарымен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» жұмысы бойынша диссертациялық зерттеу тақырыбы бекітілді. Аталған оқу жылында төмендегідей ғылыми әдістемелік материалдары жарық көрді: ББЖБ және ҒПКБА Республикалық институты «Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі», «Бағдарламалау тілдерін оқушының танымдық қабілеттерін нақты ғылым аумағында қалыптастыру үшін қолдану», «Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалар және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2005 ж. 19-21 қазан 281-285 беттер. «Электрондық оқу құралдары мен оқыту әдістемелерін оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі мен маңызы» С.Х.Боқаевтың 100 жылдығына арналған физика-математика пәндерін оқыту теориясы мен әдістемесі атты ғылыми әдістемелік конференция, «Мектеп информатика курсында компьютерлік графика курсын оқытудың негіздері». Алматы гуманитарлық-техникалық университетінде өткен «Индустриялы-инновациялық дамудың проблемалары мен перспективалары», «Информатиканың бағдарлы курсындағы компьютерлік графиканың оқушы шығармашылығын дамытудағы маңызы». Талдықорған қаласында өткен «Математика, механика және информациялық технологиядағы өзекті мәселелер», «Информатиканы оқыту процесіндегі оқушы шығармашылығының алатын орны мен ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жұмыстары жарық көрді. Тунгишбаева Гүлназ Облбековнаның 2006, 2007, 2008 жылдар аралығында информатика пәнінен 8,9,10 Республикалық «Компьютерлік графика» атты қашықтық олимпиадада дайындаған оқушылар командасы жүлделі 1,2,3 орындармен марапатталды. Атап айтар болсақ, 10-сынып оқушысы «Ең үздік логотип» номенациясын Ешмұхамедов Аян жеңіп алды. Сонымен қатар, Астана қаласында 3 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен өткізілген интерактивті сабақта оқушысы Дүйсенбаев Ержан тікелей байланыс арқылы Алматы қаласы оқушылары атынан Елбасыға сұрақ қойды. 2008 жылы Халықаралық Бизнес Университетінің 15 жылдығына арналған Алматы қаласы оқушылары арасында информатика пәні бойынша өткізілген олимпиадада оқушысы Мағзұм Мирастың «Логикалық ойындар» атты жұмысы жоғары бағаланып, 3 орынды иеленді. 2009 оқушысы Мақұлов Дәурен информатика пәнінен өткізілген олимпиадада ауданнан 1 орын, қаладан 3 орынды иеленді. 2010 жылы 10-сынып оқушысы Мұсабеков Данияр аудандық олимпиададан 1 орынды иеленді. 2011- 2013 жылдар аралығында оқушылары қалалық олимпиадалардан Стахан Темірлан ІІІ орынды, Сейіткамал Есет І орынды иеленіп Республикалық олимпиадаға жолдама алды, ал Мақұлов Дәурен 3 орынды иеленді. Республикалық ғылыми жобалар сайысында 2010-2011 оқу жылында оқушысы Салих Әкежан ІІ орынды, ал 2012-2013 оқу жылы Мақұлов Дәурен, Стахан Темірлан ІІ орынды иеленді. 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасы «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген “Инновациялық -педагогикалық идеялар” сайысында Тунгишбаева Гүлназ ІІ орынды иеленді. Гүлназ Облбековнаның жетекшілік еткен сыныбынан 2014 жылы он оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, бір оқушысы 125 балл иеленді. 2008 жылы Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен, Білім Департаментінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Жыл мұғалімі-2008» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Сол сайыста «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2008 оқу жылы Астана қаласында Білім және ғылым министрі жанында өткен коллегияға қатысып, министрдің қолынан «ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» атағын алды. 2009 жылы Республика мұғалімдеріне Алматы қаласы атынан 8-сыныптарға арналған «Формулалармен жұмыс, ұяшықтың абсолютті және салыстырмалы адрестері» тақырыбында Республикалық интерактивті сабағы жоғары деңгейде бағаланды. 2013-2014 оқу жылында информатика пәнінен өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында 11-сынып оқушысы Сейткамал Есет ІІ орынды жеңіп алды. 2014-2015 оқу жылында информатика пәні бойынша өткен қалалық олимпиадада Асқар Диас ІІІ орынды иеленді. 2016-2017 оқу жылында информатика пәнінен өткен қалалық олимпиадада Маликов Марлен ІІІ орынды иеленді. 2012-2013 оқу жылында ҚР білім және ғылым министрлігі жанындағы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалінің жүлдегері атанды. 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты» жанындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсының сертификатына ие болды. 2014 жылы Сламхан Руслан Мәскеу қаласында өткен «Компьютерлік физика-2013» халықаралық турнирінен ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ 2016 жылы 8-сынып оқушысы Тасыған Айдар ХVІІ қалалық Жәутіков олимпиадасында І орынды иеленді. 2016-2017 оқу жылында Алматы қаласы және Алматы облысы мектептері арасында өткен "IITU Robocon Games - өз болашағыңды табысты бағдарламала!" атты роботтар арасындағы чемпионатта жетекшілік еткен командасы бірінші орынды иеленді. Тунгишбаева Гулназ Облбековнаның мінезі ашық, адамдармен қарым-қатынасы өте жақсы, білікті басшы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, ұжымда әріптестермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде, қажетті жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Оқушылардың, педагогикалық ұжымның арасында беделді.