Аудан | Медеу |
---|---|
Мектеп | СГ-12(прием осуществляется на конкурсной основе) |
Вид школы | Гимназия |
Оқыту тілі | Қазақша |
Уклон обучения | Мамандандырылған |
Мекен-жайы | Валиханова,79 |
Телефон | 2918425 |
Год основания | 24.10.1924 |
Сайт школы | http://12.alschool.kz/ |
Количество учеников | 1807 |
Количество преподавателей | 124 |
Галерея | показать |
Допольнительная информация | 1924 жылғы 22 қазандағы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша жалпыға білім беретін ұлттық үлгі-тәжірибе мектебі болып құрылды. 1925 жылы 1 сәуірде №8 мектеп Қазақ Халық Ағарту Комиссариатының бұйрығымен 9 жылдық үлгі-тәжірибе мектебіне айналды. 1929 жылы үлгі-тәжірибе мектебі Алматы қаласындағы №12 қазақ мектеп-интернатының негізін салды. 1934 жылдан бастап Алматы қалалық білім беру бөлімінің шешімімен қала мектептері қайта тізімделіп, жаңа сандық реті белгіленді, осы жылы мектеп толық орта білім беретін №12 мектеп деп атала бастады. 1936 жылдың қаңтар айында №12 орта мектепке С.М.Киров есімі беріледі. 1971-1985 оқу жылында мектеп директоры Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұртазина болды. 1972 жылдан бастап мектеп ағылшын тілін тереңдетіп оқыта бастады. 1984 жылы мектеп мұражайының негізі қаланды. 1994 жылы мектепке қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 1996 жылы жаңа типті “ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға мамандандырылған орта мектептің” куәлігі берілді. 2004 жылы тұңғыш рет мектеп тарихы зерттеліп, нәтижесінде «Білім айдынындағы Ақ кеме» атты кітабы жарық көрді 2004 жылғы Алматы қаласы әкімі мен қалалық оқу бөлімінің арнайы шешімімен мектеп “көп салалы гимназия” мәртебесіне ие болды. 2005 жылы 5 қыркүйекте Республиканың оку - ағарту саласында орны бар білім ордасы ретінде Президент Н.Ә.Назарбаев гимназияға келіп, педагогикалық ұжыммен кездесті. 2005 жылы “Алматы қаласының үздік мектебі - 2005” байқауының Бас жүлдесін иемденді. 2007 жылы Республикалық бірінші ұлттық «Балалық шақ досы» байқауында «Ең үздік ақпараттық мектеп» номинациясын жеңіп алды, «Алматы қаласының бәсекеге қабілетті 50 үздік мектебі» байқауында ІІІ орынға ие болды, 2008 жыл; 90 жылдық мерей тойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылдың 20 қарашасындағы №5319-1-11904/02-2 шешімі негізінде Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияға «Дарын» республикалық орталығы жүйесіндегі мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп мәртебесі берілді. 2015 жылы тамыз айында Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің “Орта білім беретін үздік ұйым” конкурсының лауреаты атты Дипломымен марапатталды. 2016 жылы Алматы қала мектептері бойынша өткізілген «Үздік педагогикалық ұжым» байқауында жүлделі 1-орынға ие болып, 34 млн теңге сыйақыны жеңіп алды. 2016 жылдан бері №12 мамандандырылған гимназия Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары білім сапасын көрсетіп, «Алматының он үздік мектебі» қатарында көш бастап келеді. Гимназияның 9-сынып оқушылары 2012-2013 және 2014-2015 оқу жылдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауға «ОЖСБ»-ға қатысып жоғары нәтиже көрсетіп, Республиканың «100 үздік мектебі» қатарына кірді. 2007-2018 оқу жылдары аралығында гимназия ұжымы 120 оқушы «Алтын белгі» иегерін, 87 оқушы «Үздік аттестат» иегерін шығарды. 2016-2019 оқу жылдары аралығында 200-дей республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жүлдегерлері шықты. Атап айтқанда, 30 оқушы халықаралық ғылыми жоба жүлдегері, 3 оқушы республикалық пән олимпиадасының жүлдегері, 14 оқушы республикалық ғылыми жоба жүлдегері, 35 оқушы қалалық пән олимпиадасының жүлдегері, 60 оқушы қалалық ғылыми жоба жүлдегері, 3000-нан астам түрлі білім сайыстарының жүлдегерлері атанды. |